Өскеменде букмекерлік кеңсені тонаған азамат видеоға түсіп қалды
Өскеменде букмекерлік кеңседен 350 мың теңге ұрлап кеткен азамат видеоға түсіп қалды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бейнебақылау камераларына қылмыс уақыты түскен. Кадрлардан арам пиғылды азаматтың секіріп, кассирді қорқытқанын байқауға болады.
Артынша ол ақшаны ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Тәртіп сақшылары күдіктіні тез-ақ анықтады. Ол қаланың 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.