Қылмыс

Өскеменде дүкенге мылтықпен келген қарақшы сатушы әйелден оңбай таяқ жеді (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Өскемен қаласының Полиция басқармасына азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Кейін анықталғандай, 45-50 жас шамасындағы белгісіз ер адам шолақ мылтықпен қорқытып, дүкен сатушысынан арақ пен ақша талап еткен, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы, Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүкеннің иесі қылмыскерден жасқанбай, оның қолындағы қаруын жұлып алған. Ал масаң күйдегі қарақшы мылтықты қайтарып алуға тырысады. Алайда, сатушы оны бастан сол қарумен ұра бастағанда, «тонаушы» сыртқа шығып, қаша жөнеледі.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, күдіктінің сипаттамасын жасайды. Қысқа уақыт ішінде жедел-тергеу тобы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, 1965 жылы туған жұмыссыз ер адамды анықтап, ұстады.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (тонау) және 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері Өскемен қаласы тұрғынының батылдығын жоғары бағалап, оған алғыс хат пен естелік сыйлық тарту етті.

Эльмира Ибрагимқызы сол сәтте зор тәуекелмен қауіп-қатерге бас тіккен. Әйтпесе, сараптамада қарақшының қолындағы бір ұңғылы шолақ мылтық оқ атуға жарамды болып шықты.

 




Көрілген: 1463    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29