Қылмыс

Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

  • Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

    Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

Аталмыш істі Өскемен қаласының №2 соты қарады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 


Иә, отбасылық жанжал қылмысқа ұласып отыр. 45 жастағы отанасы туған ұлының әйеліне пышақ салды. Даудың басы – белгісіз. Бір анығы – іске ішімдіктің қатысы бар. Әуелі келіні енесіне ауыр сөздер айтып, балағаттаған көрінеді. Енесі де есесін жібермеген, әлбетте. Ақыры айтарға сөзі таусылған ана пышақ ала жүгірген. Келінінің ішіне екі рет, иық тұсына бір рет салып үлгерген екен. Осылайша таңертең ғана нан тураған пышақ, қанға малынды. 


Жедел жәрдемге жапа шегушінің өзі, яғни келін қоңырау шалған. Аталған мекен жайға (Астана көшесі) дереу жеткен медбикелер оның жанын аман алып қалды. Полицияға хабар берген – осы медбикелер. 


Іс сотқа жетті. Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында, 45 жастағы ана, болған іске өкінетінін жеткізді. Өз кезегінде жапа шегуші де ешқандай арыз-шағымы жоғын айтып, енесін бостандығынан айырмауды өтінді. 


Сот аталмыш жағдайларды ескере отырып, алдағы уақытта қайталанбайды деген үмітпен айыпталушыны 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. 


Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.




Көрілген: 874    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.04.2019, 23:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30