Өскеменде ер адам танысын жұрттың көзінше пышақтап тастады (видео)
Өскеменде дәмханалардың бірінде төбелес шығып, бір адам қайтыс болды. Қайғылы жағдай Согра ауданында болған, деп хабарлады Polisia.kz.
 
Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, ер адам төбелес кезінде танысына пышақ сұққан.
 
 
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бейнебақылау камерасы арқылы күдіктіні тез арада анықтады. Екі адам көңіл көтеру үшін бас қосқан. Ішімдік ішкен соң екеуінің арасында жанжал шыққан.
 
"Жанжал кезінде ер адам танысына пышақ сұғып, көптеген жарақат салды. Ол алған жарақаттан есін жимастан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", &ndash деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
 
Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны. Жанжалдың туу себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.