Қылмыс

Өскеменде күштік құрылымдар арнайы операция жүргізді (видео)

  • Видеодан кадр: instagram.com/oskemenlive

    Видеодан кадр: instagram.com/oskemenlive

Әлеуметтік желіде Өскеменде түсірілген видео пайда болды. Күштік құрылымдар жүргізген арнайы операция камераға түсіп қалған. Бұл жайтқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

"Түнде Жібек маталар комбинаты маңында әлдекімді ұстады", - делінген видеоның жазбасында.

 

Желі қолданушылар жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді. Олар соңғы кездері Өскеменде әртүрлі оқиғалар жиі болатынын айтқан.

 

"Бір түннің ішінде қаншама жаңалық. Біз 90 жылдарға айналып кеткен секілдіміз. Бір жерде төбелес, бір жерде ұстау. Мен далаға баламен шығуға қорқамын", "Соңғы кездері қалада мұндай оқиғалар жиі болып жүр", - деп жазды қала тұрғындары.

 

Осы ретте Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

 

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 293-бабына (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті тергеу шараларын жүргізген. Тергеу мүддесіне сәйкес полиция басқа мәлімет беруден бас тартты.

 

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде ұрылар банктен шыққан азаматтың 720 мың теңгесін ұрлап кеткенін жазған едік. 39 және 55 жастағы күдіктілер банктен сөмкемен шыққан ер адамды базарға дейін аңдып, оны сол жерде тонап кеткен.

 

Күдіктілер ұрланған ақшаны алып, Павлодар облысы арқылы елордаға жолға шыққан.

 

Тәртіп сақшылары ер адамдарды жолда қолға түсірген.

 

Олардың Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені және бұрын сотты болғаны анықталды.

 

 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 18:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31