Қылмыс

Өскеменде үш полицей сотталды

  • Көрнекі фото.  https://www.uralskweek.kz/

    Көрнекі фото. https://www.uralskweek.kz/

Өскеменнің қылмыстық соты парақорлық және алаяқтық жасады деп айыпталған қалалық полиция басқармасының үш қызметкеріне сот үкімін шығарды.

 

Іс материалдарына сүйенсек, полицейлер алдын ала сөз байласып, 2020 жылдың 20 мен 26 маусымы аралығында алаяқтық жасап, жүргізушілерден пара алып отырған. Тәртіп сақшылары көлік иелеріне жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауға уәде еткен.

 

Сот процесі кезінде күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденді.

 

Патрульдік полиция батальонының екі инспекторы жеті жарым жылға сотталды. Үшіншісі жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Үшеуі де қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 16:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30