Қылмыс

Өскеменде үй алмақ болған зейнеткер алаяққа 1 млн теңге берген

  • Өскеменде үй алмақ болған зейнеткер алаяққа 1 млн теңге берген

    Өскеменде үй алмақ болған зейнеткер алаяққа 1 млн теңге берген

Өскемен қаласында зейнеткерді алдап соққан 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзін электрик ретінде таныстырған алаяқ 84 жастағы зейнеткердің пәтеріне келген. Үш күн бойы ол электр қуатын тексергендей кейіп танытып, қарт кісінің сеніміне кірді.

«Осыдан кейін ер адам кейуанаға қиын жағдайға тап болғанын және пәтерін 2 миллион теңгеге сатып жатқанын айтқан. Алдын ала жалға алған үйді көрсетіп, сатып алуға ұсыныс жасады. Бұған сенген зейнеткер пәтерді алатындығын жеткізгенде алаяқ одан алғашқы төлем ретінде 1 млн теңге беруін сұраған. Қарт кісі еш ойланбастан банктен несие алып ақшаны алаяқтың қолына ұстатады», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері «Сергек» бейнебақылау жүйесінің көмегімен ер адамды қолға түсірді. Тергеу барысында ол кінәсін мойындады. Бірақ күдіктінің қалтасынан тек 120 мың теңге табылды. Оның айтуынша, бір күн бұрын 250 000 теңгеге «ВАЗ» көлігін сатып алып, қалған ақшаны жұмсап жіберген.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 08:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28