Қылмыс

Отандық журналист Ирина Бекетованың қатты соққыдан көз жұмғаны белгілі болды

  • © Vlast.kz

    © Vlast.kz

Журналист Ирина Бекетованың өліміне қатысты кезекті процесс бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында жалғасты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Сот-медициналық сараптама қорытындысы Ирина Бекетованың мойын және қабырға сүйектері сынғанын растады.


Бұл туралы тілшілерге жәбірленуші тараптың қорғаушысы Бауыржан Азанов хабарлады.


Адвокат осыған дейін сот соққы мен журналист өлімі арасында байланыс бар-жоғын анықтау керек деп тапқанын айтты.

Азановтың сөзінше, айыпталушы Анатолий Хусейновтың соққысы боксшының кәсіби соққысынан кем емес көрінеді. Соққы алған журналист 15 минутқа жетпей көз жұмған.


Эксгумация қорытындысы Иринаның қабырғалары сынғанын да дәлелдеп отыр.


Ирина Бекетованың қорғаушысы бұл істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімінен 96-баптың 1 бөліміне ауыстыруды талап етеді.


Сот отырысы ертең жалғасады. Судья жаңа айыптау қорытындысымен таныстыру керек. Сонымен бірге, Ирина Бекетованың бауыры сотқа айыпталушыдан материалдық-моральдық шығын өндіру жөнінде талап арыз қалдырды.


Айта кетерлігі, марқұм журналистің артында төрт баласы қалды. Олар нағашыларының тәрбиесінде.


Иринаны былтыр азаматтық некедегі жары Анатолий Хусейнов подъезде ұрған болатын. 




Көрілген: 924    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 21:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 20:38
    Алматыда атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30