«Өз анасын өлтірді» деп күдікке ілінген ер адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

03 маусым 2022, 22:17

Көршілерінің айтуынша, қарағандылық Людмила Мельникова Ресейде тұратын қызының қолына кетуге жиналған. Ертеңге билет те алып қойыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Жұмыссыз жүрген ішкіш ұл мен анасының арасындағы дау содан тууы да мүмкін, - дейді көршілер. Ең бастысы, күдікті ауыр қылмысқа бармай тұрып бұзақалық жасағаны үшін ұсталған екен. Ауласында тұрған тоғыз көліктің терезесін талқандап тастаған. Бірақ полиция мас болмағандықтан танымал базбұсарды босата салыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ал үйіне келген ол анасын өлтірген. Марқұмның денесін пәтеріне кіреберісте көршілері көріп, полицияны қайта шақырды. Күдікті ауладағы тоғыз көліктің терезесін кеше балғамен ұрып талқандапты. Өре түрегелген тұрғындар көліктерін түгендеп сеңдей соғылысқан. Өз подьезіне қашқан оның ізімен көршілері де кіреді. Алайда ол пәтерінің кіреберісінде бет-аузы қанжоса болған анасын кепілге алыпты.

- Екі пышақпен тіреп алған анасын, тұра жүгірдім. Содан қолындағы пышақ құлап түседі, екінші пышағын анасы тартып алады. Сол кезде мен әрекетке көштім. Қолынан басып қалдым да, бір-екі рет ұрдым. Жерге жатқызып алдым, ол айғайлай бастады. Тыныштыққа, сабырлыққа шақырдым да, полиция қызметкерлерін күттім, - деді Бейбарыс Еренғайып

Көршілер ұстаған күдіктіні алып кеткен полиция оны екі сағаттан соң үйіне қайтарған.

Оның сау екені және денсаулық сақтау басқармасының психиатрия мен норкология бөлімінде есепте тұрмағаны анықталды. Жасалған қылмыстың орта санатта екеніне байланысты күдікті азамат үйіне жіберілді, - дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

70 жастағы Людмила Мельникова араққа салынған екі егіз ұлымен алысып қартайды, - дейді марқұмның көршілері. Бірақ кеше сау болды деген күдіктінің "көліктерді талқандап, анасына қол жұмсағанынан полиция қалайша секем алмады" деп таң. 

Анасының көкала қойдай болып таяқ жегенін полицейлер көрді. Оны тым құрығанда, таңға дейін қамауда ұстап, психикалық сараптамадан неге өткізбеген? Анасы баласына қарсы арыз жазбаған да шығар, бірақ араққа салынған оның ақыл есі ауғаны көрініп тұратын, деді Марқұмның көршісі Лариса Епифанцева. 

Көршілерінің айтуынша, Людмила Мельникова Ресейде тұратын қызының қолына кетуге жиналған екен. Ертеңге билет те алып қойыпты. Жұмыссыз жүрген ішкіш ұл мен анасының арасындағы дау да содан тууы мүмкін, - дейді олар.