Қылмыс

Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады – Тұрғымбаев

  • Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады – Тұрғымбаев

    Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады – Тұрғымбаев

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің facebook-тегі парақшасында балаларға қатысты қылмыстар жөнінде пікір білдірді.

Менің тәжірибемде, жұмыс барысында, өкінішке қарай, жантүршігерлік жағдайлар мен қылмыстар аз болған жоқ. Бірақ қатігез ананың мұндай қандықол қылмысқа баруы - көп сұрақты жауапсыз қалдыруда. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады. Бірақ, маңыздысы ол емес. Маңыздысы &ndash баланың жазығы қандай? Айтуға ауыз бармайтын мұндай қылмыстар неге жасалады? Бүгінгі таңда шарасыз шарананы қоқысқа тастайтын, балаларды далада қалдыратын, тіпті қол жұмсайтын фактілер жиілеп кетті. Бұған назар аудармасақ болмайды! Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан оларды аман-есен бағып, өсіру - әр азаматтың мойнындағы парыз, - деп жазды министр Тұрғымбаев. 
Ол Алматы облысында екі жастағы бүлдіршіннің өліміне қатысты Polisia.kz порталында шыққан ақпаратпен бөлісті. 2020  жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан. 

Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. 

Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. 

Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде  Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ақпаратта.


BAQ.KZ




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 01:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30