Қылмыс

Пакет толы ақшаны тартып әкетті: Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды

  • Пакет толы ақшаны тартып әкетті: Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды

    Пакет толы ақшаны тартып әкетті: Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тергеу кезінде ЖШС қызметкерлерінің қылмысқа қатыстылығы да мұқият тексерілетін болады
Елордада бір топ қарақшы ЖШС қызметкерлеріне шабуыл жасап, миллиондаған ақшаны тартып әкетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық ЖШС менеджері Есіл аудандық полиция бөліміне келіп, Мәңгілік ел көшесінде белгісіз адамдар тарапынан шабуылға ұшырағанын айтып шағымданған.

Жәбірленушінің сөзінше, сағат 20:00 шамасында ол өз әріптесімен бірге банкоматтан 10 миллион 900 мың теңгені шешіп алған.

"Олар терминал орналасқан ғимараттан шығып, көлікке бара жатқанда төрт жігіттің шабуылына ұшыраған. Пакет толы ақшаны тартып алмақ болған қарақшылар менеджерді соққыға жыққан. Жанжал кезінде шабуылдаушылар газ баллонын қолданып, ЖШС қызметкерлерінің 3 миллион теңгесін әкеткен. Қылмыскерлердің сыбайластары оқиға орнына жақын маңда автокөлікте күтіп тұрғандықтан, олар лезде із суытып үлгерген", &ndash делінген ақпаратта. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қарақшылық жасады деген күдікпен 18-23 жас аралығында жеті жігітті ұстады.

Қазіргі кезде аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тексере келе күдіктілер қаражаттың бір бөлігін жұмсап үлгергені белгілі болды. Ал тінту кезінде табылған 700 мың теңгені полицейлер тәркіледі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тергеу кезінде ЖШС қызметкерлерінің қылмысқа қатыстылығы да мұқият тексерілетін болады.
 




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 13:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30