Қылмыс

«Папа звонит»: Полицейлер қыз баланың ұрланған телефонын қалай анықтады (видео)

  • https://ovu.com.ua/

    https://ovu.com.ua/

Елордада бейтаныс адам аялдамада тұрған қыз баланың қолынан смартфонын жұлып алып, бой тасалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Оқиға Кенесары көшесі бойындағы аялдамада болған.

 

Бейтаныс адам кәмелетке толмаған қыздың қолынан «Samsung» маркалы телефонын жұлып алып, қаша жөнелген. Полицейлер шақыртуға дереу жетіп, күдіктіні жарты сағаттың ішінде іздеп тапқан.

 

«Аз уақыттың ішінде оқиға орнына келген полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің ізіне түсті. Ол қаладағы сауда үйлердің бірінде болған. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Патрульдік полициясы полкі қызметкері полиция капитаны Қанат Қамзенов ұялы телефондарды сатып алатын және өткізетін орынды жедел аралап шығып, белгілері бойынша күдіктіге ұқсайтын адамды анықтаған. Шалбарының қалтасынан ұялы телефонды көріп, полиция қызметкері аталған телефонды көрсетуін сұраған. Ер адам қалтасынан телефонды шығарған кезінде «Папа звонит» деген жазу шыққан. Қанат Қамзенов ойланбастан самбо тәсілін қолданып қылмыскерді жерге құлатқан», - делінген Полиция департаментінің ақпаратында.

 

Ұсталған 34 жастағы күдікті аумақтық полиция басқармасына жеткізілді. Ер адам өз кінәсін мойындады. Оған қатысты «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Қыз баланың әкесі полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

 

 

 

 




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31