Қылмыс

Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді

  • http://letnews.ru/

    http://letnews.ru/

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есілов ісі бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

№1 департамент басшысының орынбасары Бауыржан Балғабековтың айтуынша, экс-әкім орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойғаны үшін айыпталып отыр. Оған қоса, пара алған.

 

"Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Сол себепті оны қамауға алған жоқпыз. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Балғабеков журналистерге берген сұқбатында.

 

Оның айтуынша, бүгінде қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша іс қозғалды. Оған сәйкес, шенеуніктің алған парасына қарай 20-80 еселенген сома көлемінде айыппұл салынады, я болмаса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Есілов не үшін ұсталды

 

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Байқоңыр" ауданы әкімінің пара алу фактісін анықтағанын мәлімдеді.

 

Оған жекеменшік компания өкілінен "Байқоңыр" ауданын абаттандыру бойынша субмердігерлік жұмыстарды алуға жәрдемдескені үшін пара түрінде iPhone-ның соңғы үлгісін алды деген айып тағылды.

 

Сондай-ақ, экс-әкім қызмет бабын асыра пайдаланып, жалпы қамқорлық жасады деген күдікке ілінді. Күдіктілер кінәсін мойындап, тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтауды сұрады.

 

Есілов туралы не білеміз

 

Асқар Есілов әкім қызметіне 2019 жылы сәуір айында тағайындалды. Оның кандидатурасын мәслихат депутаттарына астананың сол кездегі әкімі Бақыт Сұлтанов таныстырған болатын. Депутаттар аудан әкімінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

 

Асқар Есілов 1979 жылы бұрынғы Целиноград қаласында дүниеге келген. Ресейдің Урал заң академиясында білім алған. Одан кейін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясын тәмамдаған.

 

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының қаржы департаментінде заңгер болып бастады. 2014 жылы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ корпоративті басқару департаментінің директоры, ал екі жылдан кейін елорданың Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

2019 жылдан бастап Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.

 




Көрілген: 189    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 13:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30