Қылмыс

Пара алған полицейді көлігімен қуған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкер жол ережесін бұзғаны үшін айыпталды

  • Пара алған полицейді көлігімен қуған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкер жол ережесін бұзғаны үшін айыпталды

    Пара алған полицейді көлігімен қуған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкер жол ережесін бұзғаны үшін айыпталды

Оралда полиция қызметкерін пара беру ісінде ұстаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерге жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жол

"Мой город" агенттігінің мәліметінше, автокөлікті қуып бара жатқан кезде жол ережесі бұзылған, айыпталушы көліктердің бағытын бөлетін жолақты кесіп өткен. 

 

"Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 25 маусымда осы аймақтың полиция департаментінің қызметкеріне қатысты арыз келіп түсті, оны "пара алу" бабы бойынша тіркеді", - деді облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Нұрдәулет Самет.

Сол күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері полицейді тексеріп, пара алу фактісін анықтады, деп атап өтті ол.

"Кездесу аяқталған соң пара алушының қызметтік көлігі бұғатталды. Алайда күдікті көліктердің жүруіне назар аудармай, жарқылдауық маяктарын іске қосып, жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолақ арқылы қылмыс орнынан қашып кетті", - деді Нұрдәулет Самет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері қуып жетуге асықты, солардың бірі Toyota Camry автокөлігінде жол ережесін бұзып, көліктердің бағытын бөлетін екі сызықты кесіп өтті. 

"Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп  өту немесе басып озу" бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Іс сотқа берілді", - деп хабарлады полициядағылар.

Ал ұсталған полицейге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30