Қылмыс

Парамен ұсталған шенеуніктердің видеосы жарияланды

  • Парамен ұсталған шенеуніктердің видеосы жарияланды

    Парамен ұсталған шенеуніктердің видеосы жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ экс-президенті мен Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталғанын хабарлады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бір аптаның ішінде парамен ұсталғандардың видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында ветеринарлық инспекция басшысы мен бөлім жетекшісіне қатысты тергеу басталды. Шенеуніктер инспекцияның бас маманы қызметіне жұмысқа орналастырғаны үшін 700 мың теңге алды деген күдікке ілінді.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары жеке кәсіпкермен бірлесіп 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Олар мемлекеттік сатып алулар бойынша нақты жұмыс істелмесе де, атқарылған актілерге қол қойған. Сөйтіп, пара ұсынған жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 15 миллион теңге аударған.  

Шымкентте сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол мердігер компаниямен келісе отырып, жарамсыз топографиялық түсірілімді мемлекеттік сатып алулар арқылы сатқан. Сөйтіп, ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Басқарма басшысы уақытша қамау изоляторына тоғытылып отыр.

Ақтөбе облысында ІІМ ішкі қауіпсіздік тобының бұрынғы басшысы, осы топтың ішкі істер бөлімі бойынша бас жедел уәкілі мен Ақтөбе қалалық полициция департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерін қылмыстық атқару жүйесіне жұмысқа орналастырамыз деген желеумен 600 мың теңгені қолды қылған. Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.   

Айта кетейік, бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ экс-президенті мен Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталғанын хабарлады. Бұдан бөлек, дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларына қатысты істі тергеу барысында тағы екі адам қамауға алынды.




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 22:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31