Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Пәтер де жоқ, ақша да жоқ!": Алматылық алаяқ тұрғындарды сан соқтырып кетті

23 шілде 2021, 09:53

Алматыда алаяқтың арбауына түстік деген бір топ азамат шу шығарды. Сөздерінше, компания өкілі қоңырау шалып, пәтер ұттыңыз деп ақжолтай ақпар айтады екен. Артынша, мекеме шотына ақша жіберу керек дейтін көрінеді. Ойда жоқта үйлі болдық дегендердің алды 100 мың жіберсе, кейбірі тіпті 7 миллион теңге салған. Енді не пәтер жоқ, не ақша жоқ сан соғып қалдық дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Өзін KBT-store компаниясының қызметкері ретінде таныстырған азамат пәтер немесе көлік ұтып алдыңыз деп құттықтайды. Бірақ келісімшартты толық аяқтау үшін қаражат құю керек дейді екен. Мұндай қоңырау осында тұрған оншақты адамның бәріне шалынған.

 
Мұндағы адамдар 100 мыңнан бастап, 7 миллион теңгеге дейін ақша салып жіберген. Қаражатты құйған соң әлгі менеджер құжатты мекенжай бойынша пошта арқылы жөнелтеміз дейді екен. Поштаға барса, бірнеше тұрмыстық техника немесе көп дәрі салып жіберген. Колл орталыққа хабарласса, үйдің құжаты мен кілтін салтанатты түрде табыстаймыз деп сендіретін көрінеді.    

KBT-store компаниясы өкілдерінен жауап алу үшін кеңселеріне бас сұқтық. Тұтынушыларды қолдау бөлімінің басшысы компания ұтыс ойнатып жатқанын жоққа шығармайды. Оның сөзінше, менеджерлер адамдарға хабарласып, мекеменің тауарын ұсынады. Ал оны сатып алған адам ұтысқа автоматты түрде қатысады екен. 

"Сату бөлімі оларға хабарласады. Содан соң олардан кейін бізде тексеру бөлімі деген бар. Олар да әрбір клиентке қоңырау соғып тексереді. Ұтыс жайлы айтады. Ұтыс болғандықтан бізде клиенттер кепілдік жоқ деп шағымданған кездер болды. Сол үшін біз әр клиентке хабарласамыз, айтамыз", – дейді  тұтынушыларды қолдау бөлімінің басшысы Арайлым Омарова.  

Сан соғып қалдық деген азаматтар аталған компанияның бірде-бір тауарын сатып алмадық деп отыр. Қоңырау шалған адам ұтысқа қатыстың деп емес, жеңімпаз болдың деп хабарласады дейді. Бұл сұраққа  KBT-store өкілі жауап бермеді. Ал несие алып, қарызға белшесінен батқан тұрғындар енді полицияға арызданамыз деп отыр.