Қылмыс

Пәтерін есірткі тұтынушыларға ұсынған азамат 10 жылға сотталды

  • https://ria.ru/

    https://ria.ru/

Алматыда есірткі тұтынуға арналған притон ұйымдастырған азамат 10 жылға сотталды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Алматы қаласының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне қала тұрғынының есірткі және психотроптық заттарды тұтынуға арналған притон ұйымдастырғаны, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында есірткі және психотроптық заттарды сатумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

 

Бұл факт ҚР ҚК-нің 302- бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру) бойынша тіркелді.

 

 &ndash Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 49 жастағы притон ұйымдастырушысының бұрын есірткі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның есірткіге тәуелді азаматтар арасында пәтерін есірткі және психотроптық заттарды тұтынатын орын ретінде беру туралы ақпаратты таратқаны және сол жерде есірткі сатқаны анықталды. Есірткі тұтыну үшін пәтерін берумен қатар, күдікті ол жерде заңсыз есірткі заттарын өндірген. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің есірткі сатудың 40-тан астам фактісіне қатысы дәлелденді, &ndash деді Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы Әділ Салаев.

 

Сот үкімімен күдікті азамат  ҚР ҚК-нің 302-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы, 297-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 14:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31