Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары ұсталды

08 сәуір 2022, 10:27

Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

 

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.