Қылмыс

Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік полицейлер өткізген брифингте айтылды.

 

"Күдікті ұсталды, қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Ол кінәсін мойындады", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

 

Полицейлер ұсталған ер адамның 2016-2018 жылдар аралығында мал ұрлағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын растады. Бірақ екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

 

Еске салайық, мұның алдында Павлодар облысында мектеп маңында белгісіз біреудің 19 жастағы мұғалімді зорлап кеткені хабарланған еді. Тұрғындардың айтуынша, мұғалім мектепке бара жатқанда жолда бір көлік тоқтаған, онда бірнеше адам болған. Олардың бірі - ауыл тұрғыны. Ол көліктен шығып, қыздың соңынан жүріп, оны әкімдіктің бұрынғы ғимаратына алып кірді. Сол жақта зорлаған дейді.

 

Ауылдағылардың айтуынша, ол ер адамнан бүкіл ауыл қорқады.

 

"Ол мал ұрлаумен айналысады. Полицейлер оны бірнеше рет ұстаған болатын, алайда қылмыстық істердің барлығын жауып келді. Психикалық ауытқуы бар қызға да тиіскен кездері болған", - деген еді ауыл тұрғындары.

 




Көрілген: 178    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 16:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31