Қылмыс

Павлодар облысында балаларына алимент төлемеген әке сотталды

  • Ашық дереккөзден

    Ашық дереккөзден

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот 37 жастағы әкені 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, борышкердің алимент бойынша берешегі бүгінгі таңда 4,5 млн. теңгеден асқан.

 

- Борышкер әкеге 2012 жылы сот бұйрығымен кәмелетке толмаған екі баласына ай сайын алимент ретінде жалақысының және басқа да табысының 1/3 бөлігін төлеу міндеттелген. Өкінішке қарай, ол көптен бері кәмелетке толмаған қос перзентін күтіп-бағуға берілетін алиментті төлемеген. Осыдан кейін борышкер әке ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды, -  деді Екібастұз қалалық полиция басқармасының аға анықтаушысы Зухра Бекова.

 

 Сот актісінен кейін әке алиментті  төлеудің міндетті екенін біле тұра, қасақана төлемегені анықталған. Ер адам ай сайынғы алимент төлеу бойынша пайда болған берешекті өтеуге негізделген пәрменді шараларды қабылдамаған. Тіпті, сот орындаушысының жазбаша хабарламалары мен ескертулеріне де жауап бермеген.

 

- Ер адам ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы жаза тағайындалды. Бірақ бұл жазалар да оның балаларының алдындағы міндеттемелерін орындауға әсер етпеді, - деді Зухра Бекова.

 

Айта кету керек, ағымдағы жылы Павлодарда балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 24 борышкер әке қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

 

 




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 00:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31