Қылмыс

Павлодар облысында жүкті әйел күйеуін пышақтап өлтірді

  • https://www.sq.com.ua

    https://www.sq.com.ua

Тергеу кезінде белгілі болғандай, 28 жастағы ауыл тұрғыны азаматтық некеде тұрған жұбайын пышақтаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.


Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тереңкөл ауылында жұмыссыз әйел өзінің құрбысымен ішімдік ішкен. - Үй иесі осы уақытта ұйықтап қалған. Оянған соң 28 жастағы ер адам құрбысының отырғанына наразылық білдірген. Оның үстіне, әйелі жүкті болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, әйел үстелден ас пышағын алып, ер адамның кеудесіне сұғып алған. Кейін өз іс-әрекетінен қорқып, үйден қашып кеткен. Құрбысы жедел жәрдем шақырған. Бірақ ер адам көмек келгенше көз жұмды, - деді ПД баспасөз қызметінде.


Оқиға орнына шыққан арнайы топтың құрамында қызметтік ит болған. Төрт аяқты полиция көмекшісі Альдо қылмыс орнынан күдіктінің иісін сезіп, ізімен шығады.


- Альдо полицейлерді әйел жасырынып жатқан жерге қатесіз әкелді, - деді департаментте.


- Ауыр қылмыс жасаған күдікті төрт аяқты полисменнің өткір иіс сезуінің арқасында ізін суытпай ұсталды.


Айта кетейік, аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.





Көрілген: 1185    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 12:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31