Қылмыс

Павлодар облысында мас жүргізушіні ұстау операциясы видеоға түсіп қалды

  • Павлодар облысында мас жүргізушіні ұстау операциясы видеоға түсіп қалды

    Павлодар облысында мас жүргізушіні ұстау операциясы видеоға түсіп қалды

Полицейлердің айтуынша, отыз жастағы ауыл тұрғыны алкогольді шамадан тыс ішіп, әкесінің көлігімен жолға шыққан

Павлодар облысында полицейлерден қашқан мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz

Ресми мәліметке сәйкес, 10 қыркүйек күні сағат 17.45-те патрульдік полицейлер Омбы тас жолында Достық кентіне жақын жерде "ВАЗ 2107" көлігін байқаған. Көлік жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүрді. Сонымен қатар, көліктің ирелеңдеп қозғалғаны күдік туғызған.

"Полицейлер көлікті тоқтатуға тырысқанымен, жүргізуші олардың талаптарын елемеді. Керісінше, жылдамдықты арттырып, Павлодар қаласына қарай жүре берген. Полицейлер оны Мичурин ауылының маңында ұстады", – дейді Нұрлан Мәсімов.

Анықталғандай, 30 жастағы ауыл тұрғыны алкогольді тым көп ішіп қойған. Одан кейін әкесінің көлігін алып, жолға шыққан. Ер адамның көлік жүргізу куәлігі болмаған. Тіпті, ондай құжатты алған да емес. 

 

"Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608 және 612-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ал автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Іс материалдары сотқа жіберілді", – деп атап көрсетті Мәсімов.

Айта кетейік, Павлодар облысында жыл басынан бері мас жүргізушілердің қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 2 адам қайтыс болып, 19-ы жарақат алды. Тағы 734 жүргізушіні полиция мас күйінде басқарғаны үшін ұстады.

 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 11:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31