Қылмыс

Павлодар тұрғыны WhatsApp арқылы 100-ге жуық қызды алдап соққан

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Павлодар тұрғыны Қазақстан бойынша 92 қызды алдап, 6 миллион теңгеге жуық ақшаны иемденген. Ерекше алаяқтық туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

 

Қылмыскер WhatsApp-та және әлеуметтік желілер арқылы қыздарға уәдені үйіп-төгіп, сөзіне иландырған, аяныш сезімін тудыратын өтініштер жасаған.

 

Ер адам фейк аккаунттар ашып, қыздармен танысқан, сеніміне кіріп, қарыз алған, содан кейін қарызды қайтару үшін жеке мәліметтерін жіберуді өтінген. Осыдан кейін ол бөтен аттармен онлайн-кредиттер рәсімдеген.

 

Онлайн режимдегі алаяқтық

 

ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығы интернет алаяқтық оқиғаларының саны жыл сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер 2018 жылы осындай 4000 қылмыс тіркелсе, 2019 жылы 8 мыңға жеткен, ал осы жылдың бес айында олардың саны 4 мыңнан асып кетіпті.

 

Қаскүнемдер азаматтарды алдау үшін танымал әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, жарнама сайттары мен жалған интернет парақшаларды пайдаланады. Қазақстанда ай сайын электронды мәліметтерге заңсыз қол жеткізуге қатысты 800-ден астам қылмыстық іс тіркеледі.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

жұма, 12.06.2020, 21:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31