Қылмыс

Павлодарда 10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты тергеу басталды

  • Павлодарда 10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты тергеу басталды

    Павлодарда 10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты тергеу басталды

Павлодар қаласындағы үйдің бірінің кіреберісінде анасы 10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат   Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде павлодарлық полицейлер Instagram-нан анасының 10 айлық баланы аяусыз ұрып-соққан бейнежазбаны тапты.

«Бұл факті қаланың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Баланың анасы 32 жастағы әйел екендігі анықталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды», – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция баланы дәрігерлер тексергенін және оның өміріне қауіп төнбейтінін айтты.

Қазіргі уақытта баланы қорғау үшін ауруханаға жатқызылды, ол дәрігерлердің бақылауына алынған.

«Әйелдің 14 және 12 жастағы, 10 айлық кәмелетке толмаған үш бала тәрбиелеп отырғаны анықталды», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы.




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 10:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31