Қылмыс

Павлодарда белгісіз адам телефон коды арқылы 46 жастағы әйелдің атынан несие алған

  • Павлодарда белгісіз адам телефон коды арқылы 46 жастағы әйелдің атынан несие алған

    Павлодарда белгісіз адам телефон коды арқылы 46 жастағы әйелдің атынан несие алған

Павлодар қаласының 46 жастағы тұрғыны белгісіз адам 75.000 теңге көлемінде ақша қаражатын алдау жолымен иемденгені туралы полицияға арызбен жүгінген.


Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.


- Тексеріс барысында қыркүйек айында жәбірленушіге белгісіз ер адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, қоңырау шалғаны анықталды, - дейді департаментте. - Ол әйелге 1 млн теңге көлемінде несие алуға рұқсат берілгендігін хабарлаған. Мұндай хабарды естіген жәбірленуші несие алуға өтінім бермегенін айтқан. Сол кезде қаскүнем несиені алып тастау мақсатында оған телефонға келген 4 таңбалы кодты айтуын сұраған. Жәбірленуші шын мәнінде құпия сөзді ауыстыру коды болып табылатын кодты айтып берген. Нәтижесінде кодты алған алаяқ жеке шотқа оңай қол жеткізіп, ақшалай қаражатты шешіп алған.


Полиция қызметкерлері азаматтарға сақ болып, жеке шоттарының пин-кодтарын бөтен адамдарға бермеу керек екенін еске салады.


Күмәнді телефон қоңырауы мен тексерілмеген ақпаратқа сенбеген дұрыс. Алаяқтық жасалған жағдайда бұл факті туралы тұрғылықты мекенжай бойынша құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.


Ақпарат көзі: Pavlodarnews.kz


kaz.caravan.kz




Көрілген: 851    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 19:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31