Қылмыс

Павлодарда бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы келіншек ұсталды

  • Павлодарда бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы келіншек ұсталды

    Павлодарда бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы келіншек ұсталды

Полицейлер сауда үйіндегі автокөлік құрал-жабдықтарын ұрлады деген күдікке ілінген әйелді ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұрлық Назарбаев даңғылындағы тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің бірінде орын алған.


- 25 жастағы облыс тұрғыны сөредегі тауарларды қарап тұрып, қызығушылық білдірген сатып алушының кейпін танытқан. Бұдан кейін сөредегі «Neoline» маркалы бейне-тіркеушісін еркін ұрлап кеткен. Бірнеше күннен кейін сол сауда орталығында осыған ұқсас әдіспен сөреден «Neoline X Cop 9100» маркалы бейне-тіркеушісін ұрлаған. Күдікті осымен шектеліп қалмай, бір аптадан кейін іс-әрекеттерін ешкім байқамағанына көз жеткізіп, «Starlinе А93 ECO» автокөлігінің дабыл құрылғысын қолды қылған, - деді баспасөз қызметінде.


Қалалық полиция басқармасы орталық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктіні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтады.


Барлық фактілерге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматша қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.




Көрілген: 319    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 16:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30