Павлодарда екі бойжеткен жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кетті

01 мамыр 2022, 12:46

Күдікті тұлғалар анықталып, заттай дәлелдемелер алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі тұрғын плазмалық теледидарды ұрлады деген күдікке ілінген. Қала тұрғыны жалдамалы пәтерден теледидар ұрлау фактісі бойынша полицияға жүгінген. 

 

- 22 сәуір күні қала тұрғыны бір тәулікке пәтер жалдап, екі қызды шақырған. Түнгі сағат 02.00-де бұл қыздар кетіп, жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен, - деді департаментте. 

 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – «келу туралы міндеттеме» таңдалды.