Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 25 қымбат телефонды жымқырған

27 желтоқсан 2022, 09:45

Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 25 қымбат телефонды жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында 22 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қымбат 25 телефонды және 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген.

Залалдың жалпы сомасы шамамен 12 млн теңгені құрады.

Полиция осы факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.