Қылмыс

Павлодарда интернет алаяқтығымен айналысқан қылмыстық топ құрықтады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Павлодарлық жедел уәкілдер әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды polisia.kz.

 

12 мамыр күні арнайы жүргізілген Іс-шара барысында полиция қызметкерлері интернетте алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының екі тұрғынын ұстады.

 

Олар келесі схема бойынша жұмыс жасаған: Колеса және OLX веб-сайттарына автомобиль бөлшектерінің арзан бағамен сатылатыны туралы жарнамалар орналастырған. Тапсырыстарды қабылдап, банк картасы арқылы тауардың толық сомасын алдын ала төлеуді сұрап, затты курьер арқылы жіберуге уәде береді. Ақшаны алған соң, қаскүнемдер біраз уақыт курьердің нашар жұмысын сылтауратып, уақытты ұзартады да, кейін мобильді телефонды толықтай өшіреді.

 

Алаяқтардың қармағына 10 сатып алушы түсіп үлгерген.

 

Жоқ тауарды сатып алу көлемі 40-100 мың теңге аралығында болды.

 

Күдіктілердің бірі Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қаралған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде – “Алаяқтық”.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 12:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31