Павлодарда кәсіпкер жалақы сұрап келген жұмысшысын атып өлтірген

22 қазан 2021, 18:16

Павлодарда жалақысын сұрап келген жұмысшыны атып өлтірген кәсіпкерге үкім шықты. Енді ол 18 жыл өмірін түрмеде өткізеді.

 

Адам шошырлық бейнеролик сот отырысында негізгі айғақ ретінде қаралды.  Оқиға облыс орталығының шетіндегі өндірістік аймақта болыпты.

 

Сол күні 27 жастағы Андрей Шиллер айлығынан қалған 20 мың теңгесін даулап келеді. Аздап ащы су ұрттап алған ол бастығын балағаттап, сол жерден шықпай қойыпты.

 

Ал кәсіпкер ғимаратты жалға беріп отырған 55 жастағы бизнесменді көмекке шақырған. Ашуға булыққан азамат жігітті алғашқыда соққыға жығып, артынан мылтықпен атып тастаған.

 

Ағеділ Ибраева, Павлодар облысы сотының баспасөз хатшысы:

 

- Заң бойынша мұндай қылмысқа 15 жылдан 20 жылға дейін немесе мүлкін тәркілеп, өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алқа билердің бірауыздан келісімімен, «Б» деген азаматты бұзалық әрекетпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

 

 

 

ktk.kz