Қылмыс

Павлодарда қыз зорлады деген күдікпен полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • https://ratel.kz/

    https://ratel.kz/

Павлодар облысында жоғары лауазымды полицей 22 жастағы азаматшаны зорлады деген күдік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бұл оқиға жайында жергілікті құқық қорғаушылар әлеуметтік желілерде хабарлаған.

 

Олардың айтуынша, зардап шеккен әйелді полицейлер үйін тінту шарасынан кейін жалдамалы пәтерге алып кеткен. Сонда үркітіп-қорқытып, зорлаған.

 

Осы жағдайдан кейін азаматша полицияға шағым түсірген.

 

Облыстық полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеуді бастап кеткен.

 

Бұдан өзге ақпарат таратылмай жатыр.

 

Елена Семенова, құқық қорғаушы:

 

- Сол сәтте қылмыс құрамы болса, 22 жастағы азаматша күдікті болар еді. Неліктен бірден ұсталмағаны белгісіз. Тек 10 күн өткен соң полицияға шағым жазған соң ғана құрықталды. Төрт ай бойы тергеу жүргізіліп жатыр. Білуімше, бірқатар сараптама тағайындалған. Нәтижесінде сол тәртіп сақшысының іздері табылған.

 

Жандос Орынбаев, облыстық ПД бастығының орынбасары:

 

- Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 362-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

 

 

 




Көрілген: 1343    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 23:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31