Қылмыс

Павлодарда мектеп мұғалімінің қылмысы әшкере болды

  • © Sputnik / Саид Царнаев

    © Sputnik / Саид Царнаев

Павлодар облысында 2020 жылдың қаңтарынан бастап полиция бөлімінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған алаяқтықты анықтау үшін мамандандырылған жедел-тергеу тобы құрылды. Топ құрамына жедел уәкілдер мен тәжірибелі тергеушілер кірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

"Қыздардың атынан кредит рәсімдеген 23 жастағы павлодарлық ұсталды. Ол Instagram әлеуметтік желісі арқылы қыздармен танысып, Ресейде бизнеспен айналысып жүргенін және шұғыл түрде ақша керек екенін айтқан. Өзінің картасы жоқ екенін айтып, жантүршігерлік оқиғаларды ойлап тапқан. Қыздар WhatsApp мессенджері арқылы фотосы мен жеке куәлігін суретке түсіріп жіберген", - дейді департаментте.

 

Жас жігіт өзіне қажет құжаттарды алғаннан кейін қыздардың атынан 150-250 мың теңге көлемінде онлайн кредит рәсімдеген. Содан кейін картаға келіп түскен ақшаны басқа шотқа жіберуін өтінген. Алаяқ жігіттің құрығына бес қыз түсіп қалған.

 

"Дәл осындай жоспармен облыстық мектептің мұғалімі де әрекет еткен. Мектеп мұғалімі әріптестерінің жеке мәліметтеріне қол жеткізіп, онлайн режимде 1 миллион 200 мың теңге кредит рәсімдеген. Қазір 8 әріптесі полицияға арызбен жүгініп отыр", - деді полиция департаменті.

 

Барлық алаяқтық факт бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Sputnik

 




Көрілген: 999    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30