Қылмыс

Павлодарда смартфон «арқалаған» дрон түрме ішіне келіп қонды

  • Павлодарда смартфон «арқалаған» дрон түрме ішіне келіп қонды

    Павлодарда смартфон «арқалаған» дрон түрме ішіне келіп қонды

Павлодарда дронның көмегімен түрмеге телефон кіргізбек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

 

Кеше түнде Павлодар облысындағы қауіпсіздігі орташа колонияның қызметкерлері ұшқышсыз ұшатын аппаратты тауып алды. Ол колонияның аумағына келіп қонған. Дронға полиэтилен пакет бекітілген екен. Оның ішінде екі ұялы телефон, екі сим-карта және телефонды қуаттайтын аппарат бар еді.

 

«Қазақстанның түрме жүйесінде заңсыз зат кіргізген дронды ұстап алу алғаш рет болып отыр. Біз бұған дейін дронның түрме үстімен ұшып өткенін ғана тіркегенбіз. Дронды полицияға бердік, оның иесі мен жүкті беріп жіберген адам анықталып жатыр. Жалпы, биыл түрмеге заңсыз кіргізуге тырысқан 1600 телефон, 24 литр спирттік ішімдік және 7 келіге жуық есірткіні тәркіледік. Оларды көп жағдайда сәлем-сауқаттың ішіне салып жібереді немесе қабырғаның ар жағынан ішке қарай лақтырады. Осындай әрекеті үшін 153 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғанына қатысты іс әлі қаралып жатыр», - дейді Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.

 

Айта кетейік, кеше Алматы облысының Заречный ауылында 5 шөлмек алкогольді колония аумағына лақтырмақ болған адам ұсталды. Ол бұрын өзі де сотталған екен.




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31