Қылмыс

Павлодарда ұрылар жаңа көршілерін тонау үшін пәтер жалдаған

  • Павлодарда ұрылар жаңа көршілерін тонау үшін пәтер жалдаған

    Павлодарда ұрылар жаңа көршілерін тонау үшін пәтер жалдаған

Жәбірленушілердің құнды заттарын алып кетпес бұрын, ұрылар алдымен есікті ақырын қаққан. Пәтерде ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін үйге кірген
Жедел уәкілдер пәтер ұрлығына күдікті екі павлодарлықты ұстады, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

9 қаңтарда екі ер адам Павлодарда, академик Бектұров көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер жалдаған. Олар батылдау болу үшін ішімдік ішіп, көршінің есігін қаққан. Пәтерде ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін сыртқы есікті бұзып, тұрғын үйге кірген.

Ол жерден ноутбук, микротолқынды пеш, фотоаппарат, барсетка және қымбат иіс суды алып кеткен.

"Ұрылар ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.
Бұл бап үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салудан бастап мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады.

Ұрылар пәтерге құлыпты бұзып, құнды заттардың барлығын, атап айтқанда, көбінесе зергерлік бұйымдарды, тұрмыстық техника мен ақшаны алып кетеді. Сондықтан, полицейлер үйден шыққан кезде терезе мен балкон есігінің мықтап жабылған-жабылмағанын тексеруді ұсынады.  

Жыл басынан бері облыста төрт пәтер ұрлығы тіркеліп, барлығы ашылды.

sputnik.kz




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 08:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31