Қылмыс

Павлодардағы қыз зорлау ісі бойынша полицейлерге қатысты тергеу басталды

  • https://scandaly.ru

    https://scandaly.ru

Павлодардағы қыз зорлау ісі бойынша полицейлерге қатысты тергеу жұмыстары басталды. Құқық қорғау органы күдіктінің дәлелдері тексеріліп, оның қатысуымен тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Сонымен қатар, жеке қауіпсіздік басқармасы қылмыстық істің тергеуін созғаны үшін полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеуді бастады.


Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу шеңберінде қосымша сараптамалар тағайындалды.


Полицияның мәліметінше, сараптама нәтижелері жақын арада белгілі болады. Сондай-ақ Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров жәбірленушімен және оның қорғаушысымен кездесіп, істі жеке бақылауына алды.

Полиция департаментінде тергеу жұмыстарын созғаны және сапасыз жүргізгені үшін өз қызметкерлеріне қатысты шара қолданылатынын атап өтті. Нақты қандай шара қолданылатыны қызметтік тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.


Жәбірленушінің айтуынша, оған шабуыл жасаған таксисттің жақындары бірнеше рет келіп, арызын қайтып алуын өтінген.


Еске сала кетейік, Павлодар тұрғыны өзін такси жүргізушісінің зорлап, телефонын тартып алғанын хабарлаған болатын.


Күдікті ұсталғаннан кейін қызды зорламағанын, жолақысын төлеуден бас тартқаны үшін телефонын алып қойғанын мәлімдеді.


 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 17:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31