Экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірінің парақшасында діни мазмұндағы материалдар бар 39 аудиожазба анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру іс-шаралары барысында 35 жастағы қала тұрғыны тыйым салынған контентті ашық қолжетімділікке орналастырған.
- Аталған факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - деді департаментте.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері жедел уәкілдер осы тектес бұзушылықтың 11-ден астам фактісін анықтады.
Полиция тұрғындардан заңсыз діни қызмет бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102, 8 (7182) 37-80-11 және 39-19-04 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.