Қылмыс

Павлодарлық бала әкесін өлтіріп алған

  • © CC0 / Chanzj

    © CC0 / Chanzj

Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев балаларға қарсы жасалған қылмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оқиға осы жылы 22 маусымда Павлодарда болған.


"16 жастағы бала отбасындағы ұрыс-керіс кезінде мас әкесін пышақпен жарақаттап, өлтіріп алған. Отбасының тұрмысы нашар, баланың анасы мен әкесі де ішімдікке салынған. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған", - деді Қожаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Вице-министр биыл 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында тұратын отбасылардың бірінде болған сұмдықты мысалға келтірді.


"Үш жасар қыз түрлі жарақатпен ауруханаға түсіп, кейін көз жұмған. Анықталғандай, сәбидің анасы бас бостандығы шектелген адам ретінде полицияда есепте тұр. Ал өгей әкесі бұрын істі болған. Қазір соңы өлімге әкеп соққан, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді ол.


Қожаевтың айтуынша, балалардың құқығы көп жағдайда отбасындағы проблемалардың салдарынан бұзылады. Ата-ананың ішімдікке салынуы, жалақының аздығы, басқа да тұрмыстық мәселелер.


"Нашар отбасынан шыққан балаларға дер кезінде көмек көрсетілсе, бұл проблема жойылады. Осы мақсатта біздің бастамамызбен биыл сәуірден бастап полицияда есепте тұрған, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен кәмелетке толмаған балалар медициналық-әлеуметтік есепке алынады", - деді ол.


Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, 8 айдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер жасаған заңбұзушылық саны 9%-ке төмендеген. Соның ішінде кәмелетке толмағандардың адам өлтіру қылмысы 62%-ке, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 17%, тонау 41%, ұрлық 8%, бопсалау 31% және бұзақылық 5%-ке азайған. Қылмыстың жартысынан астамын мектеп оқушылары жасаған.


Жыл сайын түрлі заң бұзушылық жасағаны үшін полиция органдарына шамамен 100 мыңдай кәмелетке толмаған бала жеткізіледі.


 




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 15:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31