Қылмыс

Павлодарлық тұрғын әйел адамды ұрлап, ойына келгенін істеген (ВИДЕО)

  • Павлодарлық тұрғын әйел адамды ұрлап, ойына келгенін істеген (ВИДЕО)

    Павлодарлық тұрғын әйел адамды ұрлап, ойына келгенін істеген (ВИДЕО)

11 қазан күні дүкенге шыққан Павлодар тұрғынын бұған дейін оны қорқытып жүрген ер адам ұрлап кетіп, ұрып-соққан және зорлаған. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Полиция бұған дейін ер адамның әрекетін отбасылық-тұрмыстық кикілжің деп санап, оны босатқан. 12 қазан күні әйел одан қашып шығып, жедел жәрдем шақырған, бірақ ер адам аурухана алдында оны жедел жәрдемнен ұрлап кеткен. Бұл оқиға сол жердегі қызметкерлердің көзінше болған. Ол жедел жәрдем көліктерінің бәрінің есігін ашып, әйелді іздеген», - деп жазды Дина Таңсәрі Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, 12 қазанда полиция әйелдің анасына хабарласып, қызын жедел жәрдемнен ұрлап кеткенін хабарлаған. Ал ер адам әйелді жалдамалы пәтерге апарып, түні бойы ұрып-соққан және зорлаған. Пәтер иесі олардың іздестіріліп жатқанын айтып, шығарып жібергенімен, ол тағы бір пәтер жалдаған. Сол жерде әйелдің айғайын естіген көршілері полиция шақырған. Әйелді жедел жәрдем, ал ер адамды полиция алып кеткен. Дегенмен, ол үш сағаттан соң босап шыққан. Дина Таңсәрі Ішкі істер министрлігін оқиғаға назар аударуға шақырды.

Видеоны көру үшін мына сілтемені басыңыз: https://www.facebook.com/100000909867714/videos/4789513437755604/




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31