Қылмыс

Пайызсыз несие алып беремін деп уәде беріп, алаяқ алдап кетті

  • Пайызсыз несие алып беремін деп уәде беріп, алаяқ алдап кетті

    Пайызсыз несие алып беремін деп уәде беріп, алаяқ алдап кетті

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға &ldquoпайызсыз несие шығарып беремін&rdquo деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне бес жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандарын айтып шағымданады. Жәбірленушілердің айтуынша, оларға сырттай таныстары ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында Алматы қаласындағы банктердің бірінен қалаған соммада пайызсыз несие шығарып беремін деп сеніміне кірген. Содан жәбірленушілерден ұялы телефон арқылы 1,5 миллион теңгеден астам ақша аудартып алған. Одан кейін алаяқ тұрғындарды уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған. Аталған жайт Сайрам АПБ-на ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер &ldquoУчаске&rdquo жедел-профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке-басын анықтап, оны АПБ-ға жеткізді. Ол жұмыссыз, бұрын сотты болған Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған ер адам алдау жолымен алған ақшаларды өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы &ldquoқолхатта&rdquo. Тәртіп сақшылары алаяқ азаматтың бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сізге &ldquo102&rdquo телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 09:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31