Қылмыс

Педофилдер мен кісі өлтірушілер: Алматы облысындағы колония әкімшілігі түрмедегі жаппай төбелес туралы айтып берді

  • Педофилдер мен кісі өлтірушілер: Алматы облысындағы колония әкімшілігі түрмедегі жаппай төбелес туралы айтып берді

    Педофилдер мен кісі өлтірушілер: Алматы облысындағы колония әкімшілігі түрмедегі жаппай төбелес туралы айтып берді

Оқиға Заречный қаласындағы жалпы режимдегі колонияда 5 қазаннан 6 қазанға қараған түні болған. Тыныштық уақыты туралы хабарламадан кейін ауызша ұрыс басталып, ол тұтқындар арасындағы жаппай төбелеске ұласқан.

 
Төбелеске 15 тұтқын қатысқан, отырғыштар мен орындықтар қолданылды. Оқиға орнына дереу жедел топ барған. Колонияның қызметкерлері мен Ұлттық ұланның жауынгерлер айқасты тоқтатқан.

"Түсінбеушілік, олар өз күштерін қолдана бастаған кезде, бір-бірін отырғыштармен, орындықпен, олардың аяқтарымен ұрып-соққан. Басты себеп - ызаға толы көңіл-күй. Педофилдер,  кісі өлтірушілер, осы жағдайдың негізінде қақтығыс пайда болды. Соншалықшы жаппай тәртіпсіздіктер болған жоқ. Біз бұған жол бермейміз және жол бермедік", - деді ҚР ІІМ ҚАЖК ЛА 155-14 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бастығы Руслан Габибов.

Жеті тұтқын Қапшағай ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін төртеуі колонияға қайтты. Қалғандары ауруханаға түсті. Кейбіреулеріне операция қажет болды.

"Олардың жағдайын орташа деп бағалауға болады. Біреуінің қолы сынған, оған ота жасалған. Екіншісінің беті жарақаттанған, оған да ота жасалған", - деді Қапшағай қалалық орталық ауруханасының ресми өкілі

Жаппай төбелесті 18-20 жастағы жас тұтқындар бастағаны белгілі. Оған қатысқан 12 адам қазір арнайы изоляторда. Онда олар 15 күнге дейін болады.

Осы факті денсаулыққа зиян келтіру бабы бойынша тергеліп жатыр. Қылмыскерлерге айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе тағы бірнеше жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, олар мемлекеттік мүлікті қалпына келтіруге мәжбүр болады.




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 22:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30