Қылмыс

Педофилдерге аяушылық болмайды

  • Педофилдерге аяушылық болмайды

    Педофилдерге аяушылық болмайды

Қазақстанда педофилдерге жаза қатаңдатылады. Енді олар теміртордан мерзімінен бұрын босатылмайды және ешбір рақымшылыққа ілікпейді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға сексуалдық сипатта қылмыс жасағандар қатаң режимдегі мекемеде ғана жазасын өтейді.

Заң жобасындағы өзгерістер бұған дейін сотталған педофилдерге қатысты болмайды. Тіпті, қазіргі күні сотталып, мерзімі белгілі қылмыскерлер сол бұрынғы мекемелерінде жазасын өтей бермек. Соттың тағайындаған жазасы сол күйінде, өзгеріссіз қалады. Ал заң өз күшіне енсе, ендігі ұсталған педофильдер жаңа заң бойынша жауапқа тартылады. Олар амнистияға іліге алмайды, темір тордан ерте босатылмайды. Қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесіне жіберілмес бұрын, педофильдерге химиялық кастрация жасау не жасамау туралы сот шешімі шығарылу керек.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары: - Қазір кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмысы үшін түрмеде 1870-тен астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың дені &ndash 1300-ге жуығы қатаң режимдегі мекемеде отыр. Бір бөлігі әлі тергеуде. Ал бұған дейін жазасы жеңілдетілгендер басқа режимдегі мекемелерде.




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 09:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31