Қылмыс

Петропавл тұрғыны досын серуендету үшін біреудің көлігін ұрлаған

  • Петропавл тұрғыны досын серуендету үшін біреудің көлігін ұрлаған

    Петропавл тұрғыны досын серуендету үшін біреудің көлігін ұрлаған

Петропавлда қала тұрғынының ауладағы көлігін мініп кеткендер кейін оны қала сыртында жағып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызетінің мәліметінше, 30 қазан күні Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғыны Уәлиханов көшесіндегі аулалардың біріне қойып кеткен көлігін орнынан таппаған. «ВАЗ-21070» автокөлігінің жоғалғандығы жөнінде бірден полицейлерге хабарлапты.

Жоғалған машинаны полицейлер тек екінші күні ғана тапты. Жанған машинаны ұрылар Асаново елді мекенінің маңында, жол жиегіне тастап кетіпті.

Жедел тергеу жұмыстары барысында күдікті анықталды. Ол - Петропавл қаласының 1999 жылы туған тұрғыны болып шықты.

Айтуынша, сол күні ол мас болған. Біреудің көлігін досы - 1996 жылы туған облыс орталығының тұрғынын серуендету үшін мініп кеткен. Жолда көліктен өздігінен өрт шыққан.

«Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Ұрлық» бабы бойынша кірді. Зақым келген көлік тәркіленді. Күдіктілерге қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу әзірге аяқталған жоқ, істің мән-жайы анықталып жатыр», - дейді Петропавл қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 09:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31