Петропавлда 14 жасар қызды зорлаған күдікті құрықталды

25 шілде 2023, 11:40

Солтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, 14 жастағы қызды зорлау туралы арыз осы жылдың 4 мамырында Петропавл қаласының полиция басқармасына түскен.

 

Полиция қызметкерлері Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

 

"Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz