Қылмыс

Петропавлда 17 жастағы қызды жабылып зорлады деген күдікпен 5 жігіт ұсталды

  • https://izhlife.ru/

    https://izhlife.ru/

Петропавлдағы демалыс базаларының бірінде бес жігіт 17 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінді. Оның үшеуі қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні полицияға «Березовая роща» демалыс базасының аумағында қызының зорланғанын айтып Петропавл тұрғыны арызданды.

 

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша енгізілді.

 

17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен демалыс базасының аумағында демалған Петропавл қаласының 17 мен 20 жас аралығындағы бес тұрғыны ұсталды.

 

Үшеуі уақытша изоляторға қамалды, қалған екеуіне қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша шешіледі.

 

Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында сот сараптамалары тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

 




Көрілген: 339    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 00:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31