Қылмыс

Петропавлда 3 жасар қызын ұрып өлтірген анаға қатысты сот үкімі шықты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Тасбауыр ана бір ай бойы үш жастағы бүлдіршінді ұрып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен күдіктіге 10,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

 

Айыпталушы қызын некесіз туып, кейін нәрестені сәбилер үйіне өткізген. Артынан оның туыстары баланы қамқорлығына алады. Бірақ уақыт өте келе бауыр еті баласын Екатерина Голешова қайтадан қайтарып алған. Ал оған баланың мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақы себеп болған көрінеді.

 

Жантүршігерлік оқиға биыл қаңтар айында болды. Айыпталушы үш жастағы қызын есінен танғанша ұрған. Дәрігерлер оның өмірі үшін қанша күрескенімен, нәтиже болмады. Бүлдіршін бір айдан астам уақыт жансақтау бөлімінде жатып, сол күйі есін жимады.

 

Күдіктіге үш бап бойынша айып тағылды.

 

Әлия Жұмабаева, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы:

 

- Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталушы 10 жыл алты 6 ай бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қатаңдығы орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

 

Татьяна Захарова, жәбірленуші:

 

- Үш жыл бойы бала бізбен болған еді. Сондықтан Екатеринаны ата-ана құқығынан айыру керектігін сұрадым. Дегенмен де, ол бүлдіршінді алып кетті. Содан міне, айналасы бір айдан астам уақыттың ішінде біз кішкентайдан айырылып қалдық.

 

Сот материалдарына сүйенсек, бүлдіршіннің бассүйегі, тістері сынған. Қолы күйіп, аяғы үсіген. Яғни, сәбидің көрмеген қорлығы жоқ.

 

Сот барысында прокурор оған 11 жыл беруді сұраған. Ал, айыпталушы болса өз кінәсін толығымен мойындады.

 

Екатерина Голешова 22 жаста. Тұрмыс құрмаған. Жұмыс істемейді. Бұрын сотталмаған.

 

 




Көрілген: 1523    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 19:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30