Қылмыс

Петропавлда әкімдікте істейтін жас жігіт парамен ұсталды – видео

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкерін парамен ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Агенттіктің аппарат жетекшісі Қуаныш Жапақовтың айтуынша, ұсталған жігіт әкімдікте істейді және COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шұғыл штабқа кіреді.


"Лауазымды тұлға Петропавл қаласынан шығатын жерлерде орналасқан блок-бекеттер арқылы кедергісіз өтуге рұқсат бергені үшін 50 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр", - деді Жапақов бүгінгі онлайн брифингте.

 

Бүгінгі брифингте төтенше жағдайды пайдаланып, қалтасын қалыңдатын жүрген полицейлерге қатысты ақпарат та жарияланды. Айталық, Солтүстік Қазақстанда аудандық полиция бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары 1 миллион 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Осы ақша үшін төтенше жағдай кезінде ауданда бірнеше адамға кедергісіз жүруге рұқсат берген.

 

Ал Шымкент қаласында жол-патрульдік полицей жеке кәсіпкерді ішкі блок-бекет арқылы өткізіп тұрыпты. Сол үшін 25 мың теңге теңге алды деген айып тағылып отыр. Қаратау аудандық полиция басқармасында жұмыс істейтін учаскелік инпектор да 15 мың теңгенің парасын алды деген күдікке ілінді.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 15:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31