Қылмыс

Петропавлда көпбалалы мүгедек ана интернет алаяқтарға алданды

  • Петропавлда көпбалалы мүгедек ана интернет алаяқтарға алданды

    Петропавлда көпбалалы мүгедек ана интернет алаяқтарға алданды

Петропавлда мүгедек әйел, әрі бес баланың анасы телефон ұтысына қатысамын деп 69 мың теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына Петропавлдағы Береке ықшамауданының 41 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол интернет алаяқтарға жем болды.

Бес баланың анасы интернеттен IPhone ойнатылатыны туралы хабарландыруды оқып, бағын сынамақ болады. Ол ұтыс жеңімпаздарының қатарында бар екені хабарлама алғаннан кейін сыйлықты күтеді.

Ұйымдастырушылармен хат алмасып, олардан құлағының мүкістігіне байланысты кез келген жаңалықты жазбаша хабарлауды өтінеді. Алайда оның көпбалалы ана екендігі де, мүгедектігі де алаяқтарға тоқтау салмаған.

Бірер күннен кейін «ұйымдастырушылар» хабарласып, шекарадағы жағдайға байланысты пошта шығындарын өтеу қажеттігін жазады. Олар талап еткен соманы жібергеннен кейін де, алаяқтар әйелді тағы да екі рет ақша аударуға итермелеген.

Осылайша, аударылған ақшаның жалпы сомасы 69 мың теңгені құраған. Оның күдігін сейілту үшін алаяқтар курьер жолда келе жатыр деп жалған бейне және фото жіберген.

Соның ішінде ұшақтағы жолаушылардың фотолары да бар.

Қазіргі уақытта аталған факті «Алаяқтық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров ешкімге қандай жағдай болмасын құпия сөзді, банк карталарының, онлайн-банкинг, әлеуметтік желідегі жеке аккаунттың кодтарын бермеуді, мессенджер арқылы жеке құжаттардың фотосын жібермеу керектігін ескертеді. Ал интернет-алаяқтардың құрбанына айналған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет.




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 09:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30