Қылмыс

Петропавлда қылмысы жасаған ер адам видеоға түсіп қалды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Петропавлдың 36 жастағы тұрғыны жанар-жағармай құю стансасын тонады.

 

Ер адам кассадағы ақшаны түгел алып кеткен. Полиция бірнеше рет істі болған қылмыскерді ізін суытпай ұстады. Оқиға 11 қаңтар түнгі бірлер шамасында Әуезов көшесінде болды.

 

"Белгісіз қылмыскер жанар-жағармай құю стансасының терезесін сындырып, кассадан 40 мың теңгені ұрлап кетті. Орта жастағы ер адамның қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол қоқыс жәшігімен терезені сындырып, ішке кіріп, ақшаны алғаннан кейін белгісіз бағытта ізін жасырған", - деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінен.

 

 

Бейнежазбаның арқасында жедел уәкілдер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол бірнеше сағат өткен соң сол маңдағы жалдамалы пәтерде ұсталды. Полицейлер келген кезде ер адам мас болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

"Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді", - деп нақтылады құқыққорғаушылар.

 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-тармағы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31