Қылмыс

Петропавлда ұрланған көлік апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Петропавлда жоғалған жеңіл көлік Аққайың ауданында күйген қалпында табылды. Жанында зардап шеккен адамдар болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні таңертең Петропавл полициясына қала тұрғыны келіп, түнде біреулердің «Audi С4» автокөлігін айдап әкеткені туралы айтқан.

 

Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бақылау-өткізу пунктері, аумақтық бөліністер бағдарланды. Нәтижесінде Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қиялы ауылының маңындағы жолда жоғалған көлікке ұқсайтын жанып кеткен машинаны тапты.

 

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаровтың айтуынша, көлік қасында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен екі адам болған. Екеуі де жедел жәрдеммен аудан орталығы Смирновтағы медициналық мекемеге жеткізілді.

 

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша енгізілді.

 

Тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

жұма, 25.06.2021, 23:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30