Қылмыс

Петропавлда ұрылар пәтерден 6,5 млн теңге ұрлап кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Петропавлда ұрылар жергілікті кәсіпкердің пәтеріне түсіп, қомақты сома – 6,5 млн теңгені қолды етті. Полицейлер осы қылмысқа күдіктілерді ұстап, ұрланған ақшаның бі бөлігі қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 наурыз күні Петропавл қаласының 1958 жылы туған тұрғыны пәтеріне ұры түскенін хабарлады. Белгісіз біреулер олардың үйде жоқтығын пайдаланыпты. Пәтерін келетін кілтпен ашқан ұрылар сейфті бұзып, кәсіпкердің тауар сатып алуға жинаған ақшасын ұрлап кеткен. Шығын 6,5 миллион теңгені құрады.

 

Аталған факті «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейін тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қаскөйлер ешқандай із қалдырмаған. Соған қарамастан, СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері айғақтарды мұқият зерттеп, екі күдіктіні анықтады. Олардың бірі - бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы петропавлдық болса, екіншісі тонау үшін жазасын өтеген 42 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны екен.

 

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған қаражаттың бір бөлігі қайтарылды.

 

«Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс бойынша қосымша айғақтар жиналып жатыр. Пәтер ұрлығының алдын алу үшін күзет агенттіктерімен келісім жасап, дабылқаққыштар орнатып, кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтаған жөн. Сонымен қатар, пәтерлердің құлыптарын мұқият таңдау керек», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

 

СҚО-да жыл басынан 240 пәтер ұрлығы тіркелді. Бүгінге дейін оның 204-і ашылған.

 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 09:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31